Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Саденов Қазақстанға келетін шетелдік туристер үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру ісіне ІІМ белсенді түрде қатысып жатқанын атап өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Келу және болу рәсімдерін жеңілдету мақсатында бірқатар бастамалар жүзеге асырылды:
Шетел азаматтары полиция бөліміне барып тіркелуден босатылды.
Қабылдаушы тарап шетелдіктің келгені туралы онлайн-режимде хабарлай алады.
Ірі әуежайларда қауіпсіздік шаралары туралы туристердің хабардарлығын арттыру үшін QR-коды бар туристік карталар таратылады. QR-код арқылы SafeTravel.kz электронды порталына өтуге болады. Онда бірнеше тілде туристерге қажетті ақпарат бар.