Түркістан облыстық ПД-да әдеби кеш ұйымдастырылды
Түркістан облыстық ПД-да әдеби кеш ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаментінің үлкен залында "Абайдың 180 жылдығы" аталып өтілді. Тағылымы мол шараға филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Құрметті азаматы Сейдулла Садықов арнайы келіп, жеке құрамға Абайдың асыл сөздері, асқақ поэзиясы, терең философиясы туралы мағлұмат берді. Ол айтқан Абай танымындағы "толық адам" ұғымы қызметкерлерге рухани азық болды.
Одан әрі Р.Сейтметов атындағы Түркістан облыстық сазды-драма театрының актерлары Абайдың 180 жылдығына арналған қойылымын ұсынды. Сондай-ақ поэзияға жақын полиция қызметкерлері Абай Құнанбайұлының өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды. Бұл шара ҚР ІІМ-нің "Заң және тәртіп" қағидатына сәйкес "Ұлы ақын, ұстаз, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын" атап өту бағытында ұйымдастырылды.
Мақсат - әрбір қазақ жүрегіне Ұлы Абай шығармашылығын жеткізіп, классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылықтарын арттыру. Жиналғандар іс-шарадан патриоттық рух алып, ерекше көңіл-күймен тарқасты.