Түркістан облыстық ПД-да ашық есік күні өтті
Түркістан облысы полиция департаментінің азаматтарды қабылдау бөлмесінде тәрбие және кадр жұмысы басқармасының ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған шарада полицей болғысы келетін 50-ге тарта үміткерге кеңес берілді.
Акцияның мақсаты - ішкі істер органдарына қызметке тұруға ниет білдірген талапкерлерге бағыт-бағдар беру. Қатысушылар полицей болу үшін қандай құжаттарды жинау керегін, қандай мамандықтарға бос орындардың бар екенін білді.
- Түркістан облысы полиция департаменті бос орындарға конкурс жариялап, жасы 18-35 жас аралығындағы, жоғары білімі бар азаматтарды ішкі істер қызметкері қатарына қосылуға шақырады. Бұл шара жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюға өз септігін тигізеді. Елдің нағыз патриоттарын қатарымыздан көргіміз келеді, - деп атап өтті Мақсат Асқаров.
Іс-шараға келгендер тәртіп сақшыларының қызметімен етене танысып, оларға жүктелген міндеттің қаншалықты күрделі әрі жауапты екеніне көз жеткізді.