Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облыстық ПД-да консультативті-кеңесші органның отырысы өтті

Түркістан облысы полиция департаментінің мәжіліс залында ҚР Ішкі істер органының ардагері
Мұхтар Ермековтің төрағалығымен консультативті-кеңесші органның отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынға ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Жанқожаев, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері С.Садықов, облыс бойынша журналистер одағының төрағасы М.Әлмаханов пен мәслихат депутаты Б.Сүлейменов және жеке құрам қатысты.

Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстар, облыстағы интернет-алаяқтық қылмысының жай-күйі талқыланды. Бұл тақырыптар бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Қ.Абылайұлы мен киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының м.а Ермек Шәкім баяндама жасады.

Жалпы, бұл жиынның басты мақсаты — халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру, полицейлерді халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға, ашықтықты қамтамасыз етуді насихаттау.

Жиын соңында консультативті-кеңесші органның мүшелері көтерілген әрбір тақырып бақылауға алынатынын жеткізіп, тиісті басшы құрамға тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру