Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облыстық ПД-да Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды

Түркістан облыстық полиция департаментінде Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынға Түркістан облысы полиция департаментінің басшы құрамы мен ішкі істер органының ардагерлері, жеке құрам қатысты. Шара басында ҚР Мемлекеттік Туы құрметпен кіргізіліп, Әнұран шырқалды. 

Сондай-ақ жиналғандар қызмет атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерін 1 минут үнсіздікпен еске алды. Олардың жұбайларына гүл шоқтары мен бағалы сияпаттар тарту етілді. Түрлі сала мамандарының құттықтау бейнероликтері көрсетілді. Халықтың тыныштығы үшін қызмет етіп жүрген департаменттің полицейлеріне облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов құттықтау сөзін арнап, марапаттау рәсімін өткізді.

Мерекеде мерейлері тасыған қызметкерлерді атап өтсек, ҚР ІІМ бұйрығымен мерзімінен бұрын полиция полковнигі арнаулы атағы С.Дүкенов, А.Көшқалиевке берілді. Полиция подполковнигі атағы Т.Нұржаевқа ұсынылды. Полиция майоры шенін М.Алдабергенов иеленді.

“Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалі Қ.Жұмаділдаев, А.Бекботаева,  ал “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісі Н.Әлішер, Ү.Жамаловқа тағылды. ҚР ІІМ грамотасымен Е.Тәжі, Ө.Назарбаев, Б.Хайриев, Т.Тәшкенбаев марапатталды. Министрліктің алғыс хаты Е.Жұмабаев, Қ.Әбдімәліков, Н.Момыновқа табысталды. Сонымен қатар Түркістан облысы ПД басшылығы тарапынан жазылған грамота, алғыс хаттар өз иелеріне үлестірілді. Өмірін осы салаға арнап, зейнетке шыққан ардагерлер де марапатталды.

Одан әрі ҚР ІІО ардагері Оспанғазы Жанқожаев құттықтауды жалғастырып, аға буын атынан ыстық ықыласын білдірді.

Іс-шара соңы мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Облыстың өнерпаздары мен талантты тәртіп сақшылары патриоттық әндер шырқап, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру