Түркістан облысы ПД-да азаматтардың кезекті қабылдауы өтті
Түркістан облысы полиция департаментінде департамент бастығының міндетін атқарушы Құрманбек Сахов кезекті азаматтарды қабылдау жиынын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қабылдауда қылмыстық істерді тергеуге байланысты өзекті мәселелер мен өңір тұрғындарын толғандырған басқа да маңызды тақырыптар қаралды.
Азаматтар полиция департаментінің басшылығына бейнеконференция арқылы онлайн-форматта да жеке жүгінді. Қ.Сахов әрбір өтінішті мұқият тыңдап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді, ал олардың бірнешеуін жеке бақылауға алды.
Азаматтармен тығыз қарым-қатынас, қоғаммен ашық диалог - полиция жұмысының негізгі қағидаттары болып қала береді. Бұл нақты мәселелерді шешуге және өтініштерге жедел ден қоюға ғана емес, сонымен қатар халықтың полиция қызметіне деген сенімін нығайтуға көмектеседі.