Түркістан облысы полицейлері есепшоттан ақша ұрлаған күдіктіні ұстады
Түркістан облысы полицейлері есепшоттан ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау ҚПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, мемлекеттік бағдарлама бойынша түскен 42 500 теңгесі ұрланғаны туралы арыз түсірген.
Жәбірленушінің айтуынша, мамыр айында оның әлеуметтік көмек алушы ретінде өтініші мақұлданады, бірақ оған ақша түспейді. Ер адамның есепшотын тексеру кезінде ақшасы белгісіз қыздың шотына аударылғаны анықталады. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша
СДТТБТ-ға тіркелді.
Кентау қаласының ПБ полицейлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдіктіні Нұр-Сұлтан қаласынан анықтап, ұстады. Ол жәбірленушінің танысы болып шықты, полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, күдікті ер адамның жеке деректерін пайдаланып, жәбірленушінің шотынан 42 500 теңгені туысының шотына аударған. Осылайша ол жеке бас пайдасы үшін ақшаны аударғанын толық мойындады. Бас шарасы міндеттеме. Істі полицейлер сотқа
жолдады.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өзіңізге қатысты жеке ақпараттарды өзгелерге айтпауға, бөтен адамдарға сенбеуге шақырады.