Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысы полицейлерінің сабағына 33 мыңнан астам оқушы қатысты

Түркістан облысы полицейлерінің сабағына 33 мыңнан астам оқушы қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері (ЕҚҚІҚБ) жоғары сынып оқушыларына есірткі затының зияндылығы туралы, яғни «Синтетикалық есірткілердің зияндылығы мен дәріханалық нашақорлық» тақырыбында арнайы сабақ өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, жастардың есірткі, нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру, жастар арасындағы қылмыстардың алдын алу. Оған облыс көлемінде 78 мектеп онлайн режимде байланысып, 9,10-11 сыныптардан 33 209 оқушы қатысты.

Жастарға қоғам дерті туралы толық ақпар берілу үшін іс-шараға қосымша мамандар да тартылды. Яғни полицейлер тарапынан есірткі туралы заң түсіндіріліп, қылмыс жасағанға қатысты көрілетін шаралар туралы айтылса, нарколог мамандары тарапынан да тиянақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Айта кету керек онлайн дәріске ата-аналар да белсене қатысты.

– Баланы жас кезінен ақ пен қараның ара жігін ажыратып, зиян мен пайданы түсіндіру мақсатында тәрибелік сабақтары жиі ұйымдастырылса оның болашағынан зор үміт күтуге болады. Сондықтан біз де қылмыстардың алдын алу мен болдырмау үшін осындай дәрістерді дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеміз. Бүгінде аталған дәрістер індет салдарынан онлайн режимде өтуде. Десе де қатысып, өз пікірлерін ортаға салып жатқан ата-аналар мен оқушылар аз емес. Олар өз үйінде отырып-ақ біздің балаларына қатысты беріп жатқан мәліметтерімізді қадағалап отыр. Сондықтан алдағы уақытта да мұндай шаралар жалғасын таба береді, – дейді ТО ЕҚҚІҚ басқармасының бастығы Алтынбек Амирбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру