Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полиция қызметкерлері есірткі қолданған жаяу жүргіншіні ұстады

Түркістан облысының полиция қызметкерлері есірткі қолданған жаяу жүргіншіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ-нің кезекші бөліміне Келес АПБ ЖПҚ УПИ Бекжігіт Асабаевтың Келес ауданы, Бесқұбыр ауылынан ЖТТ шақыртқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Хабарлама бойынша жедел тергеу тобы барады. Келес АПБ УПИ қызметкрлері профилактикалық іс-шара жүргізу барысында күдіктену бойынша жаяу жүргіншіні тоқтатып тексереді. Тексеріс үстінде күдіктінің қалтасынан қағазға оралған «марихуана» есірткісі анықталып, айғақты зат ретінде алынды.
Аталған дерек АПБ-нің СДТТБТ- ға ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен тіркелді. Тергеу барысында анықталғандай күдікті ер азамат үйінің ауласына осындай есіркті өсімдігін егетіндігі анықталды.
Азамат бұрын да сотты болған. Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға заңсыз есірткі сақтап, өсірген, сатқандарға қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады. Егер сіз есірткіге қатысты мәселеге тап болсаңыз немесе осы салада қылмыс жасауға байланысты ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияның «102» телефоны бойынша хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру