Түркістан облысында 2 күнде заңсыз жұмыс істеп жүрген 131 шетел азаматы анықталды
Түркістан облысының полицейлері екі күнде заңсыз жұмыс істеп жүрген 131 шетел азаматын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының полицейлері заңсыз көші-қон бойынша жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау, болдырмау мақсатында 17-21 сәуір күндері аралығында «Мигрант» іс-шарасын өткізіп жатыр.
Мәселен, іс-шараның екі тәулігінде уәкілетті органның рұқсатынсыз заңсыз жұмыс істеп жүрген 131 шетелдік азамат анықталды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-тармағымен әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде 50 шетелдік республика аумағынан аластатылды.
Сонымен қатар шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен – 65, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған Қазақстан Республикасының 14 азаматы анықталды. Бұл қазақстандықтар ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы және 519-бабының талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.