Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 20-дан астам жас сақшы мұражайға экскурсия жасады

Жетісай аудандық полиция бөлімінің психологы Дина Аубакирова №1 М.Горький атындағы мектептің жас сақшыларын ауданда орналасқан Қ.Жандарбеков атындағы мұражайға қонаққа шақырып, арнайы экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Болашақтың тұтқасы бүгінгі жас өскіндер мұражайды тамашалап, тарихи жәдігерлермен танысты. Мұражай қызметкерлері 25 жас сақшыға танымдық экскурсия жүргізіп, туған өлкенің елеулі тарихи оқиғалары жөнінде баяндап берді.

Сонымен қатар олар мұражаймен танысу барысында пайдалы ақпараттарға қанықты. Қазақ даласында болған оқиғалармен танысқан олар алдағы уақытта қиыншылықпен келген атамекен жерлерін қорғауға дайын екенін жеткізді.

Ал болашақ мамандарды тәрбиелеу мақсатында өткізілген мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру