Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер тұрғындардың тіркелмеген қаруларын тәркіледі

Түркістан облысында 30-дан астам тіркелмеген қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республикалық "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Түркістан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері тіркелмеген 37 қаруды тәркіледі. Оның ішінде 27 тегіс ұңғылы қару, 6 газ тапаншасы, 3 шолақ және 1 травматикалық тапанша, сондай-ақ түрлі калибрлі 50 оқ-дәрі бар.

Мәселен Төлеби ауданында полицейлер жергілікті тұрғыннан тиісті құжаттары жоқ аңшылық шолақ мылтықты анықтады. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді. Тіркелген дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар іс-шара барысында тәртіп сақшылары қаруды сақтау ережелерін бұзудың 30-дан астам фактісін анықтады. Полицейлер құқық бұзған азаматтарға тиісті шара қолданды.

Тәртіп сақшылары қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталғанын іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру