Түркістан облысында 300-ден астам тұрғынға жаднама таратылды
Түркістан облысында 300-ден астам тұрғынға жаднама таратылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістандық полицейлер Ішкі істер министрлігінің бастамасымен облыс көлемінде “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Еске сала кетсек бұл іс-шара қыркүйек айының 1-і күні басталған болатын. Шара мақсаты – тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнату, қала мен аудандардағы экстремизм, терроризм деректерін анықтап, олардың жолын кесу. Бұған қоса жаппай облыс бойынша үй-жайларды аралап тексеру және әкімшілік құқықбұзушылықтарға жол бермеу.
Осы орайда Түлкібас АПБ қызметкерлері аймақтағы пәтерлер мен үйлерді аралап, ондағы тұрғындар жайлы ақпараттар жинады. Бұл жұмысқа көші-қон қызметі бақылау жасауда. Сондай-ақ шара кезінде ана мен баланы қорғау мәселесі аясында аудандық әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Гүлбану Есенқұлова учаскелік полицейлермен бірлесіп жұмыс жасауда. Олар адамдар көп шоғырланатын аймақтарды аралап, 300-ден астам жаднамалар таратты.
Ал азаматтарды қабылдау бөлімінде 11 азаматпен жеке-жеке кездесу ұйымдастырылып, оларға құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жедел профилактикалық іс-шараға патрульдік полиция мен учаскелік полиция инспекторлары қосымша жұмылдырылды.
Қазіргі таңда аудандағы тұрғындар қауіпсіздігі мен аймақ тыныштығы полиция бақылауында. Айта кетейік аталған іс-шара желтоқсан айының 1-не дейін жалғасады.