Түркістан облысында 350-ге жуық колледж студенттеріне есірткіге қарсы іс-шара өткізілді
Түркістан облысында 350-ге жуық колледж студенттеріне есірткіге қарсы іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы жастарының есірткіге, нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында іс-шара өткізілді. Яғни, Түркістан облысы Полиция департаменті ЕҚҚІҚБ-ның қызметкерлері Кентау қаласына арнайы барып, “Қазақ-Неміс политехникалық” колледжінің студенттеріне семинар сабақ өткізді. Аталмыш шараға 200-ге жуық студент қатысып, оларға есірткі затының зияндығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оған қоса, Түркістан облысы аумағындағы екі колледждің 150-ге жуық студенттері онлайн түрде қатысып, ақпараттарға қанық болды.
Семинар соңында студенттер тарапынан көптеген көкейтесті сұрақтар қойылып, жауаптары алынды. Мұндай шара алдағы уақытта да Түркістан облысы полицейлері тарапынан үздіксіз өткізіліп тұрмақ.