Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысында 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ жариялаған "Профилактика жылы" аясында және Түркістан облысы ПД басшылығының тапсырмасына сәйкес полицейлер қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыс орталығында рейд жүргізді.

Іс-шара барысында жол тәртібін сақтамаған 350 жүргізуші анықталды. Ал “Қорғау” бағдарламасының көмегімен төленбеген айыппұлы бар 18 автокөлік айыптұраққа қойылды. 

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде болуының 21 фактісі анықталып, олардың ата-аналарына қатысты ескертулер жасалды. 

Одан бөлек ойын-сауық орталықтары мен кафелерде қорқор (кальян) тұтынған 12 азамат пен оны тұтынуға рұқсат берген 5 кафе иесіне заңды шара көрілді. 

Мәселен Түркістан қаласындағы көңіл көтеретін орынның бірінде 25 жастағы қыздың кальян шегу фактісі бойынша оған әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары облыс орталығының "Жаңа қала" шағын ауданында орналасқан кафелердің бірінің әкімшісін келушілерге кальян ұсынғаны үшін жауапқа тартты. 

Қала тыныштығы әрдайым полиция назарында. Сондықтан күшейтілген рейдтік іс-шаралар үздіксіз жалғаса береді. Тұрғындар тарапынан сұранарымыз, құқық бұзушылыққа жол бермеңіз, заң баршаңызға ортақ!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру