Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 50-ден астам адамды жинап, құдалық жасағандар анықталды

Түркістан облысында 50-ден астам адамды жинап, құдалық жасағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт ауданының полицейлері әкімдік тарапынан құрылған арнайы мобильдік топтармен бірлесіп, аудан аумағында карантин талабының сақталуы бойынша күні-түні қарқынды қызмет атқаруда. Ел арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ рейдтік-профилактикалық шараларды іске асыруда.

Осындай кезекті тексеріс кезінде полицейлер қазығұрттық тұрғынның үйінде болып жатқан құдалық тойын анықтады. Тойға 50-ден астам қонақ жиналған.

Осыған орай мобильдік топ келген қонақтарға адамдар көп жиналатын орындарға бармауын, той-жиындарға қатыспауын ескертіп, тойды тоқтатты. Той иесіне қатысты іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін тиісті орынға жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру