Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 550-ден астам автобусқа алаяқтыққа қарсы жадынамалар ілінді

Түркістан облысы полиция департаменті интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу бағытында тұрғындар арасында кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылығын арттыру.

Шара барысында облыс аумағында 550-ден астам қоғамдық көлікке интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары жазылған парақшалар орналастырылды. Бұл парақшаларда жиі кездесетін алаяқтық тәсілдері мен олардан сақтану жолдары егжей-тегжейлі көрсетілген.

Сонымен қатар өңірдегі 90-ға жуық LED-экранда арнайы әзірленген бейнероликтер үздіксіз көрсетілуде. Бұл бейнероликтерде тұрғындарға интернет алаяқтарының әрекет ету схемалары мен нақты қорғану жолдары жайлы қарапайым әрі түсінікті тілде баяндалған және алаяқтардан қорғанудың тиімді әдістерін үйретуге бағытталған бейнежазбалар таспаланған.

Бастаманың негізгі мақсаты – әрбір азаматты интернеттегі қауіп-қатерден қорғау, алаяқтардың арбауынан қорғау және қоғамда киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Сақтық – саналы қадам. Ақпараттық қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру