Түркістан облысында «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасы өткізілуде
Түркістан облысында «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқу жылы қарсаңына орай ағымдағы жылдың 23-29 тамыз аралығында Түркістан облысының аумағында «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасы жүргізілуде. Оның негізгі мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азайту және жасөспірімдер мен балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларын нығайту.
Сонымен, «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасы аясында Кенату ҚПБ ЖПҚ ювеналды полиция инспекторлары әкімшілік полициясы жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, жалпы білім беретін мекемелер орналасқан жерлерде жол қозғалысын реттейтін көше-жол желісінің пайдалану жағдайына тексеру жүргізді.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарға анықталған кемшіліктерді түзету туралы 15 ұйғарым мен төрт ұсыныс хат жолдады. Сондай-ақ білім беру мекемелерінің жанында екі жасанды жол кедір-бұдыры және 16 жол белгісі ауыстырылып, жаңартылды.