Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ағайынды жігіттер көршісінің 20 қойын ұрлап кеткен

Түркістан облысында полицейлер көршісінің 20-ға жуық қойын ұрлаған екі күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Арыс ауданының полицейлері мал ұрлығына қатысты бар ағайынды екі ер адамды ұстады. Күдіктілер жергілікті жердің жұмыссыз тұрғындары болып шықты.

Яғни олар алдын ала сөз байласып, түнгі уақытта көршісінің қорада тұрған 20 қойын Газель автокөлігіне part, иесіне байқатпай жымқырып кеткен.

Содан малдарды сатып, ақшаны өзара бөліскен.Жәбірленушіге 1,5 миллион теңге шығын келтірген.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру