Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында әйел екі бірдей тұрғынды алдап кетті

Түркістан облысында әйел екі бірдей тұрғынды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ-ның қызметкерлері кәсіпкерлік палатасынан қайтарымсыз қаржыны шығарып беремін деп екі бірдей жергілікті тұрғынды сан соқтырған күдікті әйелді ұстады.

Яғни, Келес ауданы полиция бөліміне жәбірленуші екі азамат арызданып келген. Олардың айтуы бойынша, сырттай танысы қайтарымсыз ақша алып беремін деп бірінен 1,6 млн теңге, екіншісінен 700 мың теңге ақша алған. Осылайша оларды 1 жыл бойы алдап, қайтарымсыз ақшаны алып бермей, не ақшаларын қайтармай жүрген. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚК 190-бабы (Алаяқтық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Хабар алысымен полиция қызметкерлері алаяқтық қылмысын ашу мақсатында оқиға орнына жетті. Полицейлердің жан-жақты жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдікті әйел Сарыағаш ауданынан ұсталды. Оны бірден ПБ-не жеткізді. Күдікті әйел Сарыағаш қаласының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушілерден алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру