Түркістан облысында айыппұл төлемеген 5 жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды
Түркістан облысында айыппұл төлемегендердің көліктері айыптұраққа қойылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы аумағында өтіп жатқан «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде салынған әкімшілік айыппұлды төлеуден жалтарып жүрген тұрғындар анықталып, оларға әкімшілік шара қолданылуда. Сондай-ақ, бұл қызметке жеке сот орындаушылары да жұмылдырылды.
Мәселен аталған шара аясында Кентау ҚПБ қызметкерлері бір күн ішінде жол ережесін бұзған және соған байланысты салынған айыппұлды төлемеген бес азаматты анықтады. Бұл ер азаматтардың автокөліктері айыптұраққа қойылды.
Полиция қызметкерлері қала тұрғындарына әкімшілік айыппұлды уақытында төлеу керектігін ескертеді. Сонымен қатар айыппұл төлеу мүмкіншілігі кеңейгендігі, яғни айыппұл сомаларын электронды порталдар арқылы тексеріп, ұялы телефонға жүктелген банк қосымшалары немесе интернет сайттары қызметімен төлеуге болатындығы туралы хабарлайды.