Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында алаяқтық қылмысының 3 дерегіне қатысы бар күдікті анықталды

Түркістан облысында алаяқтық қылмысының 3 дерегіне қатысы бар күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара аудандық полиция бөліміне алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс әйел оған мемлекеттен қайтарымсыз субсидия алуға көмектесуге уәде берген. Алаяққа сенген ауыл тұрғыны оған 300 мың теңге берген. Алайда арада біршама уақыт өтсе де, уәде орындалмаған.

Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шардара ауданының полицейлері күдікті ретінде бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған жас қызды анықтады. Полицияға жеткізілген сезікті Шардара қаласының тұрғыны болып шықты.

Тәртіп сақшыларының тындырымды жұмысының нәтижесінде күдіктінің қайтарымсыз субсидия алуға көмек беремін деген сылтауымен тағы бірнеше әйелдерді алдағаны белгілі болды. Жалпы, жас қыз жәбірленушілерге миллион теңгеден астам шығын келтіріп, алаяқтықтың 3 дерегіне қатысы бары анықталды.

Қазіргі уақытта осы жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру