Түркістан облысында алаяқтық жасады деген күдікпен әйел адам ұсталды
Түркістан облысында алаяқтық жасады деген күдікпен әйел адам ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен Шелек ауылының 37 жастағы тұрғынын ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді.
Еңбекшіқазақ ауданының екі тұрғыны полицияға белгісіз әйелдің зейнетақы жинақтарын шешіп алуға көмектесемін деп уәде беріп, олардың ақшалай қаражаттарын иемденіп кеткені туралы шағыммен жүгінген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 3 350 000 теңгені құрады.
– Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Аталған факті бойынша алаяқтық белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оның өзге де азаматтарға қатысты осындай әрекеттері бар-жоғы анықталуда, – дейді полиция өкілдері.
Құқық қорғау органдары азаматтарға қырағылық танытып, бейтаныс адамдарға ақша бермеу керектігін ескертеді.