Түркістан облысында алаяқтық жасаған әйелге қатысты сот үкімі шықты
Түркістан облысында алаяқтық жасаған әйел төрт жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау қалалық ПД-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, танысы Кентау қаласынан пәтер алып беретінін айтып, оның екі млн теңге ақшасын алған. Бірақ уәдесін орындамаған, ақшасын да қайтармаған. Осы мәселенің түйінін шешу мақсатында жәбірленуші азамат полицейлердің көмегіне жүгінді.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.
Кентау қалалық ПД-ның полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті тұрғынды ұстап, бөлімге жеткізді. Ұсталған азаматшаның бұдан басқа сегіз жайтқа қатыстылығы анықталды. Жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау мақсатында Кентау қалалық сотына жолданды. Алаяқтық жасаған әйелге қатысты сот үкімі шықты.
ҚР ҚК-нің 190-бабында көзделген заң талаптарын өрескел бұзған азаматшаға Кентау қалалық соты төрт жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.