Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында алаяқтық жасаған ер адам жауапқа тартылды

Түркістан облысында алаяқтық жасаған ер адам жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында Төлеби ауданының полиция қызметкерлері алаяқтыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасаған ер адамды ұстады.

Белгілі болғандай, жұмыссыз күдікті танысына “ешқандай емтихансыз, жүргізуші куәлігін алып беремін” деп жалған уәде берген. Жәбірленушіден алдын ала 300 мың теңге ақшасын алып, 1 жыл бойы алдап келген. Ал ақшаны жеке пайдасына жаратқан. 

Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да дәл осындай алаяқтыққа қатысты 3 фактісін анықтады. Келтірілген шығын 1 миллион теңгеге жуық. 

Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру