Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында анықтаушылар мен учаскелік полицейлердің қатысуымен семинар өтті

Түркістан облысы полиция департаменті анықтау басқарамасының бастығы Мұхтар Сейділдаевтің төрағалығымен жол-көлік оқиғалары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында туындайтын өзекті мәселелер және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жай-күйі туралы семинар кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңеске Түркістан облысы Сот сараптамалық институтының директоры Ш.Тасыбаев пен сарапшы маман Н.Қуанов, аудандық полиция бөлімі бастықтарының тергеу жөніндегі орынбасарлары, қызмет инспекторлары мен анықтаушылар қатысты.

60- тан аса маманды қамтыған шарада анықтаушылар, учаскелік полиция инспекторларының және қызмет инспекторларының өндірісіндегі жол-көлік оқиғалары бойынша және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша істердің сотқа дейінгі туындайтын өзекті мәселелері көтеріліп, баяндамалар жасалды.

- Өткен жылдың қорытындысы бойынша полиция отбасындағы тұрмыстық зорлық - зомбылық саласында 900-ден астам қылмыстық істі тіркеді, оның ішінде 836 факті бойынша түпкілікті шешім қабылданды, - деп атап өтті анықтау басқармасы бастығының орынбасары Бекжан Дошманов.

Бұдан басқа, жол-көлік оқиғаларын тергеу аспектілері бойынша практикалық сабақтар өткізілді және жол-көлік оқиғалары орындарын тексеру мен сызбаларын ресімдеудің дұрыстығына назар аударылды.

Мұхтар Сейділдаев қылмыстық істердің жәй-күйін талдап, белгілі бір кемшіліктерді және жетілдіру қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар Шоқан Батырбекұлы алдағы уақытта қылмыстық істерді тергеу барысында азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермей, жұмыс барысында ҚР заңнамалық талаптарының нормаларын сақтауды ескертті. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру