Түркістан облысында ардагерлердің жұбайларына мерекеге орай құрмет көрсетілді
Түркістан облысында ардагерлердің жұбайларына мерекеге орай құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаменті ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен “Ұрпақтар сабақтастығы” тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Шараға полиция жеке құрамы мен басшылығы және облыстағы барлық аудандық бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары, жалғызбасты аналар қатысты.
Семинарда басқарма бастығының орынбасары Е.Шамшат және ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Жанқожаев баяндама жасап,қызметке жаңадан келген тәртіп сақшыларына тәлімгерлер бекітті.
Шуақты көктемнің әсем мерекесімен тұспа-тұс келген бұл шарада ІІО-да қызмет артқарып зейнеткерлікке шыққан, дүниеден өткен ардагер ағаларымыздың жұбайларына ерекше құрмет көрсетілді.
Атап айтқанда 9 анаға қаржылық және дәрі-дәрмек пакеттерімен қатар мерекелік сый-сияпаттар табысталды.