Түркістан облысында әріптесінен ақша жымқырған тұрғын анықталды
Түркістан облысында әріптесінен ақша жымқырған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның танысы банк шотының қосымшасына кіріп, ақшасын жасырын жымқырған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 360 мың теңге.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары хабарлама келіп түскен бойда іске кірісті. Қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтау үшін қажетті жұмыстардың барлығын іске асырды. Олардың жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікті мен жәбірленуші әріптес болып келеді. Сезікті жігіт жәбірленушінің ұялы телефонын сұрап алып, банк қосымшасы арқылы 100 мың теңгеге бірлік салып алған, ал қалған ақшасын банк шотына аударып алған. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.