Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында автобекет жұмысшысы кассадан ақша жымқырып кетті

Түркістан облысында автобекет жұмысшысы кассадан ақша жымқырып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның автобекетінің кассасында істейтін жұмысшысы рұқсатсыз кассадағы 60 мың теңге ақшасын иемденіп кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу) бойынша тіркелді.

Қылмыстық істің мән-жайын анықтау, ашу барысында кентаулық тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, барлық қажетті тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Алматы облысының тұрғыны болып шықты.

Анықталғандай, күдікті әйел өз арам ойын жүзеге асыру мақсатында кассадағы ақшаны алып, Алматы қаласына қашып «ізін суытқан». Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру