Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында автобусты заңсыз жатын салонымен жабдықтаған жүргізушілер анықталды

Түркістан облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы кезінде патрульдік полицейлермен 1600-ге жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысында жүргізушілер арасындағы көліктік тәртіпті арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасы өтуде. Патрульдік полицейлер мас күйінде көлік жүргізуге байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, төтенше жағдайды жасауға, басып озу, жол қозғалысы, маневр, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауға және ұялы телефонмен сөйлесуге байланысты ережелерді анықтауға назар аударды.

Тәртіп сақшылары шара басталған бес тәулік ішінде 1568 әкімшілік хаттама түзді. Оның ішінде мас халде автокөлік басқарғаны үшін – 4, жалған мемлекеттік нөмір таққан – 2, қарсы бағытқа шыққаны үшін 4 хаттама толтырды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қоғамдық автокөліктерге тексеру жұмыстарын жүргізіп, 69 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтар болсақ, 4 автобус заңсыз жатын салонымен жабдықталғаны анықталып, мемлекеттік белгісі алынды. Жалпы, айыптұраққа 39 автокөлік қойылды. Тәртіп сақшылары бұл бағыттағы шараларды алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізіп, жүргізушілерге жол қауіпсіздігін насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жасайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру