Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында азаматтарға 160 млн теңге шығын келтірген күдіктінің ісі сотқа жолданды

Полиция ақшаңды еселеп қайтарып беремін деп тұрғындарға 160 миллион теңге шығын келтірген күдіктінің ісін сотқа жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында «Cyberpol» жедел мақсатты тобының қызметкерлері жыл бойы қарқынды жұмыс жүргізіп, профилактиканы күшейтті. Соның нәтижесінде 410 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп, 200-ге тарта дерекке түпкілікті шешім қабылданды. Оның ішінде көпэпизодты қылмыстарға тоқталар болсақ, 25 жастағы Сайрам ауданының тұрғыны 50-ден астам адамды алдап, құрығына түсірген. Жас жігіт жәбірленушілерге несие ресімдетіп, ақшаларыңызды көбейтіп, несиелеріңізді төлеп береміз деп алдаған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа өткен. Жалпы келтірілген шығын – 160 млн теңгеден асады.

Ал Шардара ауданында 29 жастағы ер адам 10-ға тарта жәбірленушіге ЭЦҚ-кілт ашып беремін деген сылтаумен жеке басына қатысты мәліметтерді алып, олардың атынан несие ресімдеген. 14,5 млн теңге шығын келтірген іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ «Cyberpol» қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде жәбірленушілердің 21 млн теңге қаражаты алаяқтардың есепшотына өтіп кетпей, дер кезінде бұғатталып үлгерген.

Тәртіп сақшылары облыс көлемінде халыққа қызмет көрсету орталығы, базар, ойын-сауық орталықтары мен басқа да адамдар көп шоғырланатын орындарда «Интернет-алаяқтықтан сақ бол!» тақырыбында ауқымды профилактикалық іс-шаралар атқарды. Арнайы әзірленген 20 мың жадынама таратылып, 6 мың жабыстырмалы ақпарат ілінді.

Полиция бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырған алаяқтық қылмысына тосқауыл қою мақсатындағы шаралар үздіксіз жүргізілетінін жеткізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру