Түркістан облысында бақташы қожайынының биесін сатып жіберген
Түркістан облысында бақташы қожайынының биесін сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ауыл сыртында мал бағатын бақташыға бір биесін сеніп тапсырған. Алайда қазіргі уақытта биесін қайтарып ала алмағанын көрсеткен.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеуге алды. Хабар келіп түскен бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына шұғыл шықты. Полицейлердің жүргізген тиянақты жұмысының нәтижесінде аталмыш қылмысқа күдікті ретінде жәбірленушінің қой бағып жүрген жұмысшысы ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Анықталғандай, жәбірленуші жылқысын бақташыға сеніп тапсырған. Алайда күдікті жылқыны арзан бағада сатып жіберген. Ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.