Түркістан облысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Түркістан облысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінде облыстық білім басқармасымен бірлесіп, өңірдегі білім беру ұйымдарының өкілдерімен және жекеменшік күзет ұйымдарының қатысуымен кездесу өткізілді. Шараның негізгі мақсаты - білім беру нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету . Кездесу полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаевтың төрағалығымен өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға Полиция департаментінің күзет қызметін бақылау бөлімінің негізгі функциялары, сондай-ақ білім беру ұйымдарын күзетуді жүзеге асыратын жекеменшік күзет ұйымдарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қойылатын талаптары жайлы түсіндіріп өтті

Өз кезегінде күзет қызметтерін сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Полиция департаментінің күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Өсербай Назарбаев мектептер, колледждер және басқа да оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін конкурстарға қатысу шарттары мен конкурстық құжаттамаға қойылатын өзекті талаптарды атап өтті.
Сонымен қатар жиында мәдени –бұқаралық және спорттық-бұқаралық ұйымдарының қоғамдық тәртіпті қорғауға және білім беру мекемелерінде балаларлың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстары жайлы қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Ермек Усербаев баяндады.
Кездесу іскерлік және сындарлы жағдайда өтті. Қатысушылар күзет қызметтеріне конкурс жариялау кезінде туындаған сұрақтарға жауап алып, білім беру ұйымдары мен жекеменшік күзет құрылымдары арасындағы өзара іс-қимылдың практикалық мәселелерін талқылады.
