Түркістан облысында бір үйге екі рет ұрлыққа түскен күдіктілер қолға түсті
Түркістан облысы Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері бір үйге екі рет ұрлыққа түскен екі жас жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Белгілі болғандай, күдікті жас жігіттер көршісінің күндізгі уақытта үйде болмайтынын біліп, ұрлыққа түскен. Содан жатын бөлмедегі алтын бұйымдарды жымқырып кеткен.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары олардың екі апта бұрын дәл осы көршісінің үйіндегі шкафтан тағы да алтын бұйымдарын ұрлағанын анықтады.
Олар ұрлаған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, ақшаны екеуара бөлісіп алған. Жәбірленушіге 1,5 миллион теңге шығын келтірген.
Полицейлер қолды болған алтын бұйымдардың бір бөлігін ғана тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.