Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында бопсалау қылмысына қатысы бар деген күдікпен блогер ұсталды

Түркістан облысында бопсалау ісіне қатысы бар деген күдікпен блогер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалаған деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғыны, блогерді қолға түсірді.

Облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, күдікті әлеуметтік желіде жәбірленушінің абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін материалдарды жариялаймын деп қорқытып, одан 2 мың АҚШ долларын алып, қосымша 4 млн теңге талап еткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер блогерді Сайрам ауданындағы дәмханалардың бірінде 6 900 АҚШ долларын алып жатқан сәтінде ұстады.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру