Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 28 тұрғынға айыппұл салынды

Түркістан облысында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 28 тұрғынға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, оның ішінде браконьерлік, табиғи ресурстарды заңсыз аулау және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау болып табылады.

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шардара АПБ-нің ЖПҚБ табиғатты қорғау полиция тобының инспекторларымен Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаған құқықбұзушылар анықталды. Аталған жайтқа байланысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) бойынша 28 азаматқа әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырды. Сонымен қатар әрқайсысына 13 890 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары тұрғындар арасында Табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға жол бермеу және табиғи ресурстарды заңсыз өндіру жағдайында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру