Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында бұрын сотты болған тұрғын алаяқтық жасаған

Түркістан облысында бұрын сотты болған тұрғын алаяқтық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне алаяқтың арбауына түсіп, алданған жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, бейтаныс әйелдің қала орталығынан екі бөлмелі пәтер алып беремін деген сөзіне сенген ол 2 миллион теңгеге жуық ақшасын берген. Алайда жыл өтсе де, берген уәдесін орындамаған соң полицейлердің көмегіне жүгінген. 

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Олар алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде бұл іске қатысы бар күдікті жергілікті жұмыссыз тұрғын болып шықты. Тергеу барысында 38 жастағы күдікті әйелдің алаяқтығы үшін бұрын сотты болғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, полицейлер оның бұдан өзге 4 тұрғыннан алаяқтық жолмен ақша алғанын анықтады. Яғни, оларға да үй алып беремін деп жалған сөздерімен сендіріп, алаяқтығын кәсіпке айналдырған.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру