Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында дәрігерлік қорапшасы болмаған автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

Түркістан облысында дәрігерлік қорапшасы болмаған балаларды тасымалдайтын автобус жүргізушісі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оқушыларға көшелер мен жолдарда жол қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында «Абайлаңыз балалар» республикалық акциясы өтуде.

Осыған орай Келес АПБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары ауданда орналасқан сегіз мектепке тексеру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары оқушыларға жолда жүру ережелерін толыққанды түсіндіру, қауіпсіздік үшін оларды арнайы жол белгілерімен таныстыру аясында лекция оқып, сабақ өткізді.

Бұған қоса полиция қызметкерлері көліктік бақылау органдарының өкілдерімен бірлесіп балалардың ұйымдасқан топтарын экскурсияға, мектепке тасымалдауға арналған автобустардың техникалық жағдайы мен құжаттарын тексеру барысында заңсыздықтарды анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және ӘҚБтК-нің 620-бабы (Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Сондай-ақ, акция барысында түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, беймезгіл уақытта жасөспірімдердің ойын-сауық кешендерінде, саябақтар мен алаңдардарда заңды өкілдерінсіз жүруін болдырмау үшін профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру