Түркістан облысында демалыс күндері 3 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды
Түркістан облысында полиция басшылары демалыс күндері рейдке шығып, үш мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Демалыс күндері Түркістан облысының полицейлері тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін тәулік бойы күшейтілген күн тәртібінде қызмет атқарды.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейдке департаменттің жергілікті полиция қызметі басқармасы басшылығынан бастап 17 ауданның барлық бірінші басшылары қатысты.
Видео • YouTube
Басшы құрам жеке құраммен бірге күндіз және түнде жол қауіпсіздігін өрескел бұзған және тағы басқа қылмыс пен құқық бұзушылыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында тексеру жүргізді. Облыс аумағы толықтай бақылауға алынып, тәртіп сақшылары өздеріне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындады. Нәтижесінде 2781 құқық бұзушылық анықталып, 219 көлік айыптұраққа қойылды.