Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды

Түркістан облысында дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында, жол ережесін сақтамай, көше бойынша өзге көліктерге кедергі келтіріп, авариялық жағдай туғызып, трассада емін-еркін жүрген көліктің бейнежазбасы анықталды.

Тексеру барысында құқық бұзушылық Ордабасы ауданында болғаны анықталды. Lada-21705 көлігінің жүргізушісі Арыс ауданының тұрғыны, жас жігіт болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау), 590-бабы 2-бөлігі, 606-бабы 1-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша жауапқа тартылды.

Жүргізуші кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттері үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру