Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында екі азаматты ұрып-соғып, ақшаларын тартып алған күдіктілер ұсталды

Түркістан облысында екі азаматты ұрып-соғып, ақшаларын тартып алған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, олардың ортақ таныс жігіттері күш қолданып, біреуінің қалтасындағы 140 мың теңгесін, екіншісінің телефондағы банктік қосымшасынан бір млн теңгеден астам ақшасын тартып алып, оқиға орнынан «ізін суытқан».

Полицейлер аталған фактіні ҚК ҚР-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшыларының кәсібилігі мен жедел әрекетінің арқасында көп ұзамай 4 күдікті анықталып, ұсталды. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты.

Белгілі болғандай, оқиға кешкі уақытта болған. Төрт жігіт бірге ішімдік ішкен. Содан соң ауылдас екі жігітті көріп, ұрып-соғып, ақшаларын тартып алған. Қазіргі таңда төрт күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.   

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру