Түркістан облысында ер адам ауылдасымен жанжалдасып, соққыға жығып кеткен
Түркістан облысында ер адам ауылдасымен жанжалдасып, соққыға жығып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz
Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, жанармай құю бекетінің алдында белгісіз ер адам оны ұрып-соққан.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркеуге алды. Жәбірленушіге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Полиция қызметкерлері бұзақылық жасаған ер адамды ұстау үшін жүйелі жұмыстарды жүзеге асырды. Олар көрген-білгендерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын қарап шықты.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, бұзақылық жасаған ер адам анықталды. Ол жәбірленушінің ауылдасы болып шықты. Яғни, ауылдас екі жігіт жанармай құю бекетінің алдында сөзге келіспей, жанжалдасып қалған. Салдарынан бірі екіншісін ұрып-соғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл оқиға толығымен жанармай бекетінің сыртында тұрған бейнекамераға жазылған. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.