Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ер адам тұрғынның жылқысын ұрлап кетті

Түркістан облысында ер адам тұрғынның жылқысын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас АПБ-ға тұрғын хабарласып, үйінде тұрған құны 550 мың теңге болатын бір бас жылқысын белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін айтқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Мал ұрлығын ашу мақсатында Түлкібас АПБ-ның аса тәжірибелі полицейлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Олар учаскелік инспекторлармен бірге жақын маңдағы барлық жайылымдар мен шаруашылық аулаларды аралап, куәгерлерден сұрастырып, үй малын тасымалдайтын автокөліктерді мұқият тексеріп, барымташыларды іздестіру және ұстау бойынша басқа да іс-шараларды жүзеге асырды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түлкібас АПБ-ның полиция қызметкерлері орта жастағы күдіктіні анықтап, бөлімшеге жеткізді. Күдікті мал ұрлығын пайдакүнемдік мақсатта жасағанын мойындады.
Белгілі болғандай, күдікті ер адам үйде ешкімнің жоқтығын пайдаланып, жылқыны ұрлап, қылмыс орнынан қашып кеткен. Ұрланған жылқыны тәртіп сақшылары тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қолхатта. Полицейлер оқиғаның мән-жайын және күдіктінің  басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру