Түркістан облысында есептегі сотталғандар психологиялық жаттығулар жасады
Түркістан облысында есептегі сотталғандар психологиялық жаттығулар жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Төлеби аудандық пробация қызметі мен Ленгер қалалық емханасының психолог қызметкерлерімен бірлесіп, аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталған арасында «Көтеріңкі көңіл-күй жанға қуат береді» атты психологиялық тренинг өткізді. Аталған тренинг барысында қатысушылар психологиялық ойын ойнап, жаттығулар жасады.
Жыл басынан бері Түркістан облысы Төлеби аудандық пробация қызметі мен Ленгер қалалық емханасы арасындағы пробация қызметі бөлімінің есебіндегі сотталғандардың түзелуіне ықпал жасау және оларға психологиялық, әлеуметтік, құқықтық көмек түрлерін көрсету мақсатында өзара көптеген шаралар ұйымдастырып келеді.
Бұл тренингтің мақсаты – сотталғандарды жаңашылдыққа, инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру, жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм сезімдерін дамыту, сондай-ақ сотталғандардың эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
– Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар өз көңіл-күйін көтерсе, болашаққа жоспар құрса, өзгеге ашуланып, қателікке бой алдырмаса, әрбір уақытының қадірін біліп, бағаласа екен деймін. Себебі, әрбір уақыт, әрбір көңіл-күй – біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Бұл бағалы әрі қызықты да өкінішті күндерді кері қайтарып алуға немесе қалпына келтіруге болмайды. Қалтаңыздағы ақшаңызды жоғалтып алсаңыз, оны күндердің бір күнінде қайтадан жұмыс істеп табуға болады. Бірақ, көңіл-күй деген бір арнада тұрмайды. Себебі таңертең көңіл-күйіңіз нашар болып тұрса, сол күні бастаған ісіңіз де кері кетеді немесе жолыңыз болмайды. Бүгінгі тренингті өткізудегі мақсатымыз – біздің ісіміздің алға басуы да көңіл-күйге байланысты екенін есепте тұратындарға ұғындыру болды, – деді аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Б.Сарыпбеков.
Психолоигялық тренингтен үлкен әсер алған Төлеби аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар алдағы уақытта осындай тренингтерді өткізіп тұруын сұрады.