Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында есірткі контрабандасына қатысты 120-дан астам шетелдік ұсталды

Есірткі қылмысы елді алаңдатып отыр. Ұлт қауіпсіздігіне қатер төнгізетін бұл кеселмен күрес Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері тарапынан тоқтаған емес, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселен тәртіп сақшылары осы жылдың 10 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 652 дерекке тосқауыл қойды. Оның 267-сі қылмыс болса, 385-і - теріс қылық. Есірткі сату бойынша 42 дерек, аса ірі көлемде есірткі сақтау - 13, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру - 67, есірткіні, психотроптық заттарды заңсыз жарнамалау, насихаттау бойынша 8 дерек анықталған. 

Полиция, прокуратура өңір жастарымен бірлесіп, 100-ге жуық есірткіні жарнамалайтын жазбаны жойды. Заңсыз айналымнан 335 келіге жуық есірткі тәркіленді. Есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдаудың 137 арнасының жұмысы тоқтатылды.

Мысалы, контрабанданың 127-сі Өзбекстан шекарасынан Қазақстан аумағына өту кезінде анықталған. Ал 10 жайт ҚР-дан Өзбекстанға өту кезінде тоқтатылды. Күдіктілердің 88-і - Өзбекстан азаматы, 37-сі - Тәжікстан азаматы болған. Ал трамадолға қатысты екі қылмыстық іс, бір теріс қылық тіркелді. Мың трамадол дәрісі тәркіленді.

Сондай-ақ есірткі қойып кетуші 34 тұрғын анықталып, олардан 4 келіден астам синтетикалық есірткі алынды. Тікұшақпен аудандарда есірткі егуге ықтимал жерлерге әуемен барлау жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру