Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында есірткіні жарнамалаған күдікті ұсталды

Түркістан облысында есірткіні жарнамалаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында жедел-профилактикалық іс-шара аясында полиция қызметкерлері Кентау қаласының аумағында синтетикалық есірткі жарнамасы бар граффити орналастырды деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.

Күдікті telegram мессенджері арқылы жұмыс тауып, қоршаулар мен гараждарға граффити-жазуларын салу арқылы есірткі заттарын заңсыз жарнамалаумен айналысқан. Тексеру кезінде жас жігіттен бояу құтылары мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, істің барлық мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті бұрын сотталған, қазіргі таңда УҰИ-ға қамалды.

Полицейлер есiрткi, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, сондай-ақ прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау қатаң жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру