Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Логотип

Түркістан облысында ІІО-ға қызметке кандидаттарды қабылдау бойынша ашық есік күні өтті

Түркістан облысында ІІО-ға қызметке кандидаттарды қабылдау бойынша ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы полиция департаментінің жанындағы «Азаматтарға арналған қабылдау» кеңсесінде ішкі істер органдарына қызметке кандидаттарды тарту мақсатында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы өткізген бұл шараға полиция қатарында қызмет етуге қызығушылық танытқан 30-дан астам жас қатысты. Кездесу барысында мамандар ІІО қызметіне қабылдау тәртібі, кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар және полиция қызметкерлеріне ұсынылатын әлеуметтік кепілдіктер туралы кеңінен әңгіме өрбітті.

Сонымен қатар ҚР ІІМ-не қарасты жоғары оқу орындарына түсу тәртібі мен олардың бітірушілерін жұмысқа орналастыру шарттары да түсіндірілді. Кандидаттарға орта білімі бар, мерзімді әскери қызметтен өткен немесе Қорғаныс министрлігі бекіткен арнайы курстарды аяқтаған, 18 бен 35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары болу керектігі айтылды. Сондай-ақ әскери міндеттіліктен босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар да үміткер ретінде қарастырылады.

Қосымша талаптар бойынша, ер азаматтардың бойы кемінде 170 см, ал қыздардың бойы 160 см-ден төмен болмауы тиіс.

Іс-шара барысында полицейлер үміткерлермен жеке әңгімелесулер өткізіп, олардың сауалдарына жан-жақты жауап берді. Мамандар талаптарға сәйкес келетін кандидаттардың құжаттары Ішкі істер министрлігіне жіберілетінін және бұл бағыттағы жұмыстардың жалғаса беретінін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру