Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ірі қара малдарды ұрлаған тұрғын ұсталды

Түркістан облысында ірі қара малдарды ұрлаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам оның қараусыз тұрған үйіне кіріп, ауласында жүрген 500 мың теңге болатын екі бас жылқысын және бір бас сиырын түнгі уақытта ұрлап кеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеуге алынды.

Тұрғынның үйінде қараусыз тұрған малын жымқырған күдіктіні ұстау мақсатында учаскелік полицейлер оқиға орнына бірден жетті. Тәртіп сақшылары куәлардан жауап алып, сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Осылайша жан-жақты дұрыс бағытта жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікке ілінген ер адам ұсталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті ер азамат ешкімнің жоқтығын пайдаланып, өзінің жүк көлігіне малдарды тиеп, әлдебіреуге сатып жібергені анықталды. Алайда полицейлердің кәсіби шеберлігінің арқасында күдікті ұсталды. Қазіргі таңда сезікті деп танылған тұрғын қамауда. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру