Түркістан облысында ішімдікке салынған есептегі әйел абақтыға қамалмақ
Түркістан облысында ішімдікке салынған есептегі әйел абақтыға қамалмақ, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Қаратау ауданы №3 пробация қызметі бөлімінің есебінде 429 сотталған бар.
ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің нұсқауына сәйкес 14-23 наурыз күндер аралығында «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстарды болдырмау және олардың алдын алу.
Жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға бейім сотталған адамдардың мінез-құлқы мен өмір салтын бақылауды жүзеге асыру бөлігінде Шымкент қалалық №3 пробация қызметі бөлімінің қызметі күшейтілді.
Екі күннің ішінде 30 сотталғанға ескерту берілді, ал бас бостандығын шектеу жазасынан бас бостандығынан айыру жазасына 10 адам тартылды. Олардың ісі сотқа жолданып, уақытша қамауға алынды.
Жедел іздестіру шара барысында пробациялық бақылаудан жалтарып, сот жүктеген міндеттерді орындамай, оны қаскөйлікпен бұзған әйел құрықталды. Пробация қызметі есебінде тұрған Саколова Шымкент қалалық сотымен ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған болатын.
Тонау бойынша істі болған азаматша аудандық пробация есебіне 2020 жылы тіркелген. Сотталған Саколова есепке алу барысында пробация қызметкерлері оған сот қаулысы бойынша жүктелген міндеттер, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 44-бабының (Бас бостандығын шектеу) және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 67-68-баптарына (Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртiбi мен шарттарын бұзу), (Сотталған адамның бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы) сәйкес жаза өтеудің шарттары, тәртібі және жауапкершілігі жайында толық түсіндірілген болатын. Ішімдікке салынған жалғыз басты әйелдің ендігі мекені абақты болмақ.
– Біз әрбір адамға пробация қызметінің есебіне алынған күннен бастап сот қаулысымен жүктелген жазаның өтеу шарттарын, міндеттерін, тәртібін, жауапкершілігін және құқықтарын толық түсіндіреміз. Сонымен қатар, сот жүктеген міндеттерін және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған жағдайда, сот тағайындаған бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылатыны жөнінде ескертіледі. Осыны біле тұра, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзып, сот қаулысымен бас бостандағын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, қамауға алынып, жазасын түзеу мекемесінде өтеуге жіберіліп жатқандар кездеседі. Олардың осындай қателігін өзге сотталғандар қайталамас үшін әртүрлі тәрбиелік жұмыстар жүргізілуде, – деп түсіндірді инспектор Өскенбай Ақтөреев.