Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында карантин талаптарын бұзғандар анықталды

Түркістан облысында карантин талаптарын бұзғандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлері Сарыағаш ауданы Шымкент-Жетісай тас жолының бойында орналасқан дәмхананың әкімшісі болып жұмыс жасайтын тұрғыны елімізде короновирус індетінің таралуына байланысты белгіленген карантин режимін және шектеу шараларын сақтамай, заң бұзушылыққа жол берген. Яғни кафенің қызметшілерінің маскалық режимде қызмет атқаруын қамтамасыз етпей, қағидаларды бұзған.

Осындай жайтты бірнеше дүкен мен дәмхана иелерінің өрескел бұзғандығы анықталды. Сонымен қатар қала орталығында орналасқан тойхананың бірінде бесік тойы өткен. Аталған жиынға  шамамен 40-тан астам адам  жиналған. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша жинақталған құжаттар аудандық СЭББ-ға шара көру үшін жолданды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру